14.05.2021 _ 15:50

COVID-19 қарсы вакциналар мутацияға ұшыраған аурудың барлық түрінен қорғайды

Ғалымдар COVID-19 салдарының 50-ден астам түрін және ұзақ мерзімді әсерін анықтады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифингте ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева осындай деректерді жария етті. Сонымен қатар ол қауіпті вирустың жалғыз панацеясы ретінде сарапшылардың вакциналар туралы ғылыми негіздемесін келтірді.

«Елімізде жүргізіліп жатқан вакцинация коронавирустық инфекция ағзаға кері әсерін тигізеді деп қорықпау мүмкіндігі. Бүгінде әлемдегі барлық елдердің ғалымдары індеттің 50-ден астам салдарын және бірнеше жылға созылатын ұзақ мерзімді COVID-әсерлерді анықтады. ДДСҰ мамандары COVID-19 қарсы вакциналар әлі де мутацияға ұшыраған аурудың барлық түрлерінен қорғайтынын айтуда. Біздің міндетіміз - қалыпты өмірге оралу және маскасыз  еркін жүру, иммундаудың нәтижесінде еркін өмір сүре аламыз, бізде популяциялық иммунитет қалыптасады», - дейді сарапшы.