14.05.2021 _ 16:00

Аллергиялық аурулар өршіген кезде COVID-19 қарсы вакцина салдыруға болмайды

Аллергологтардың есебінде болмағам, бірақ осы вакцина ісіну мен реакция тудырды. Бұл жағдайда өзіңізді қалай қорғай аласыз? ОКҚ өткен брифингте журналистер сарапшыларға осындай сұрақ қойды. ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева вакцинаны аллергиясы бар адамдарға салдыруға болмайтынын растады.
Аллергиялық аурулар өршіген кезде COVID-19 қарсы вакцина салдыруға болмайды

«Аллергиялық аурулар өршіген кезде, немесе анамнезде қандай да бір препаратқа: мысалы, тауық эмбрионына немесе бұған дейін егілген вакцинаға реакция болса, вакцина салдыруға болмайды. Барлық басқа аллергиялық реакциялар, соның ішінде көктемде болатын поллиноздар вакцинацияға қарсы көрсетілім болып саналмайды. Себебі вакциналардың құрамында антибиотиктер де, аллергия тудыруы ықтимал препараттар да жоқ», - деп түсіндірді спикер.


Егер адамда аллергия болса, бірақ оның COVID-19 қарсы вакцина салдырғысы келсе, ол вакцинацияға дейін 2 күн бұрын және екпеден кейін 2 күн бойы гистаминге қарсы препараттар қабылдай алады.