18.05.2021 _ 15:00

1 шілдеден бастап «Шекарасыз жұмыс» жобасы іске қосылады

Еуразиялық интеграцияны дамытудың барлық маңызды мәселелері Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрініс тапты. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларының стратегиясы 2020 жылғы желтоқсандағы Жоғары Кеңестің отырысында бекітілді. Жоспар 523 іс-шараны қамтиды және 50 халықаралық шарт пен ЕАЭО органдарының 220 актісін әзірлеу көзделген.

«Бұл іс-шаралардың барлығы, бірінші кезекте, кедергілерді жоюға, еркін нарықты қалыптастыру жолындағы артық бюрократиялық, әкімшілік кедергілерден босатуға бағытталған. Бұл тек тауарларға ғана емес, сонымен қатар жұмыс күшінің қозғалысына да қатысты болады. Дәл бүгін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі барысында ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап «Шекарасыз жұмыс» сияқты ақпараттық ресурс жұмыс істейтіндігі туралы шешімге қол қойылатын болады. Бұл еңбек биржасы, бірақ шекарасыз. Енді біз жұмыскерлерді Еуразиялық экономикалық одақ аясында азаматтығына қарамастан іздей аламыз»,- деді сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова.