19.05.2021 _ 18:37

Болашақта саяхат географиясын кеңейту үшін қазақстандық вакцинаны ДДСҰ алаңында да тіркеу жұмыстары жүргізілуде

Біз кепілдік бере алмаймыз, бірақ жағдайды қадағалаймыз. Денсаулық сақтау министрлігі «QazVac»- пен вакцинация паспорты батыстың қай елдерінде бағаланады деген сұраққа нақты жауап бере алмады. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде, әзірге әлемнің бірде-бір елі қандай да бір вакцинаға тікелей талап қоймағанын жеткізді.

«Біздің отандық вакцинаны қолданатындар үшін айтарым, нақтыбір вакцинамен егілу керек дейтін елдердің тікелей талаптары жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алаңында да тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Мұндай талаптарды басқа елдер енгізген жағдайда да, бұл қазақстандық вакцинамен саяхаттау географиясын айтарлықтай кеңейтеді» , - деді спикер.