Олардың ішінде «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев та болды. Ол өзі сыйлықтың иегері және өзін мысалға келтіре отырып, марапаттың қандай артықшылықтары бар екенін жеткізді.
Сыйлық алуға үміткерлердің кандидатураларын орталық, жергілікті мемлекеттік органдар, оқу орындары, шығармашылық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер ұсына алады. «Дарын» сыйлығына халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары, спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары да үміткер бола алады.
«Мен «Дарын» сыйлығының иегері болу үлкен жауапкершілікті талап етеді деп санаймын. Өйткені мұнда олар үздіктерді таңдайды. Тиісінше, әрбір жеңімпаз өскелең ұрпаққа үлгі болуы тиіс. Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендердің саны жылдан жылға артып келеді, бұл қазақстандық жастар арасындағы бәсекелестіктің өскенін айғақтайды. Мұндай үрдіс, шын мәнінде, қуантады. Өздеріне, өздерінің игі істеріне, дағдылары мен біліміне сенетін барлық жастарды құжаттар тапсыруға және конкурсқа қатысуға шақырамын», - деді спикер қазақстандықтарға қаратып айтқан сөзінде.
Қажетті құжаттар топтамасы көп емес. Жеке куәліктің көшірмесі, тіркеу өтінімі, қолдаухат және жетістіктер туралы анықтама, марапаттау дипломдарының, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері, кандидаттың немесе кандидат туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері, кандидаттың жетістіктерін растайтын өзге де материалдар талап етіледі.
Сыйлыққа ие болғандарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табысталады.