21.05.2021 _ 11:50

ТЖМ: Риддердегі өрт бойынша тергеу шаралары жалғасуда

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында Риддердегі өрт бойынша істің қай кезеңге жеткені жайлы айтып берді. Өрт сөндірушілер үш тәулікке жуық уақыт бойы адам шығарған тілсіз жаумен күресті.
ТЖМ: Риддердегі өрт бойынша тергеу шаралары жалғасуда фото с сайта 365info.kz

«Нұсқалардың бірі бойынша отты абайсыз қолдану жағдайы қарастырылып отыр. Күдікті ұсталды, тергеу шаралары жүргізілуде, Қылмыстық кодекстің 292-бабы бойынша - Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан зиян келтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өртте бір әйел қаза тапты, екеуі ауруханада ауыр халде жатыр, 30-дан астам үй, қосалқы шаруашылықтың түрлі инфрақұрылымының 200-ге жуық бірлігі қирады. Қылмыстық іс аясында, егер бұл адамның кінәсінен болғаны дәлелденсе, тиісінше оны қылмыстық жауапкершілікке тарту, тіпті бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданады», - деп жауап берді министр.