21.05.2021 _ 14:00

Мектептердің компьютерлік паркі толығымен жаңартылды – Қарағанды облысының әкімі

Пандемия кезінде барлық оқу орындарында санитарлық тәртіп барынша күшейтілді. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап 1-2 сыныптардың барлық оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, қыркүйектен бастап тағы 3-ші және 4-ші сыныптар қамтылатын болады, деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында.


Оның мәліметінше, облыстың 505 мектебінде 204 мыңнан астам бала оқиды. Олардың 36%-ы штаттық форматта, 64%-ы қашықтан оқиды.


«Өткен жылы мектептердің компьютерлік паркін толығымен жаңарттық. Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға 6 мыңға жуық роутер берілді. Сонымен қатар, үш ауысымды оқыту және апатты мектептер мәселесін шешу үшін 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жазғы кезеңде 127 білім беру нысанына жөндеу жүргізіледі», - деді Ж.Қасымбек.