24.05.2021 _ 11:40

Бизнес-жоспар - планетаны құтқару! «Оператор РОП «ЖШС мен «Хабар» Агенттігі экология туралы жаңа реалити-шоуды іске қосады

Жасыл экономика стратегиясы дегеніміз не? Оның негізгі басымдығы қандай? Адамның іс-әрекетінен туындаған қоршаған ортаға теріс жүктемені азайту. Қазір гі кезде экологиялық мәселелерді түсіну аса маңызды.

Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, «ӨКМ Оператор» ЖШС «Хабар» агенттігімен бірлесіп экология туралы жаңа ТВ жобаны іске қосады.


Бұл жобаның мәні экологиялық мәдениетті, экологиялық білім беруді дамыту болып табылады, - деп мәлімдеді «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.


Оның айтуынша, механизм іске қосылған кезде елімізде қалдықтарды өңдеудің орташа көрсеткіші 2,6%-ға тең болған, бүгінде бұл көрсеткіш 18,6%-ға жетті. Мемлекет басшысы 30 пайызға жеткізуді тапсырды. ӨКМ Операторы қалдықтарды шығару мен қоқысты сұрыптауды цифрландыру бағытында жұмыс істейді.


«Бүгінгі таңда Орталық Азия өңірінде баламасы жоқ «EKOQOLDAY» цифрлық жүйесі іске қосылды, ол қалдықтарды нақты уақыт режимінде жинауды, тасымалдауды және кәдеге жаратуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бірақ бұл көрсеткішті арттыру үшін «Хабар» агенттігімен бірлесіп эко-шоу түсіруге шешім қабылдадық. Біз үш ай ішінде барлық өңірлерге баруға тырысамыз, берілген өтінімдер негізінде ең үздік эко бизнесті таңдаймыз», - деді спикер.


Жүлде қоры шамамен 20 млн теңгені құрайды, соманың жартысы – бірінші орынға, екінші және үшінші орындарға – 5 млн теңгеден.


Анықтама үшін, «EKOMEKEN» - өзін танытудың, салалық бизнесте табыс табуды үйренудің және осы бағыттағы өз ісіңді табудың тамаша мүмкіндігі. Оннан астам кәдеге жаратушы, қайта өңдеуші осы жобаны бастауымызды қолдады. Қатысушылар «LIVE» режимінде сынақтан өтіп, кәсіпкерлер тап болатын міндеттерді шешуі керек.
Бизнес-жобалардың тұсаукесері, іскерлік кездесулер, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға баса назар аудару.


Шоу аясында көрермендер ең ірі және орта салалық кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын көреді.


Қоысқа тасталған пластиктен жаңа өнімдердің қалай жасалатынын тамашалайды. Бұл қызықты, пайдалы және әлеуметтік маңызы бар жоба.