24.05.2021 _ 13:50

«Ashyq» басқа нысандарда қолданылатындай ауқымын арттыру мүмкіндігіне ие – «Атамекен» ҰКП

«Ashyq» қосымшасы Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларында нәтижелі қолданылуда. Кезектер мен дүрбелең жоқ, бәрі тұрақты. Бұған ЦДИАӨМ және «Атамекен» ҰКП қызметкерлерінен құрылған тексерушілер тобы көз жеткізді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте палата төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлады.
«Ashyq» басқа нысандарда қолданылатындай ауқымын арттыру мүмкіндігіне ие – «Атамекен» ҰКП

«Жолға қойылған процестерді мысалға келтіре отырып, «Ashyq» басқа нысандарда қолданылатындай ауқымын арттыру мүмкіндігіне ие деп айтуға болады. Атап айтқанда, кеше «Астана Аренада» үлкен футбол матчы өтті, бұл карантиннен кейінгі алғашқы ауқымды оқиға болар. Бір стадионға 6 мың адам жиналды, барлығы 2 сағаттың ішінде қосымша арқылы өтті. Бір «сары» мәртебесі бар келуші анықталды, барлығы тыныш өтті. Уақыт өте келе, егер осы үдерістерді, азаматтардың өтуін толық теңдестіре алсақ, осы тәжірибені басқа ареналарда да қолдана аламыз және тіпті келушілер санын 30%-ға дейін арттыра аламыз деп үміттенеміз», - деді палата басшысы.


Сондай-ақ ол бас мемлекеттік дәрігердің жаңа Қаулысында талаптар аймақтық талаптарға сәйкес келетінін еске салды. Бизнеске «Ashyq»-пен жұмыс істеу әлдеқайда жеңіл, өйткені осы жүйе бойынша жұмыс істемейтін жерлерде өңірден өңірге қойылатын талаптар әр түрлі болады.


Қаулы шеңберінде жобаға кесте бойынша Шымкент, Түркістан, Ақтау, Қостанай әуежайлары, лотерея клубтарының жұмысы енгізілді (олар 2020 жылғы наурыздан бастап жұмыс істемеген), бильярд, боулинг және компьютерлік клубтардың жұмысы түнгі сағат 2-ге дейін ұзартылды.


Айта кетейік, егер бизнес субъектілері «Ashyq» режимінде бұзушылықтармен жұмыс істейтін болса, әкімдіктер мониторингтік топтардың тексеру қорытындылары бойынша оларды жүйеден шығаруға уәкілетті.
Ал, бағдарлама көшбасшыларына артықшылықтар беріледі. Бұл ұсыныс КВИ таратпау жөніндегі ВАК қарауына енгізілді.