25.05.2021 _ 12:00

Учаскелік инспекторлардың іс-қимылдарының арнайы алгоритмдері әзірленді

Сарапшылармен бірге учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілерінің іс-қимылдарының арнайы алгоритмдері әзірленді. Бұл қызметкердің қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі іс-әрекеттерінің жиынтығы. Халықаралық тәжірибеде мұндай алгоритмдер көбінесе «стандартты және операциялық рәсімдер» деп аталады. Мұрат Баймұқашевтың айтуынша, отандық практика үшін жаңа термин ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесімен бірлесіп енгізілуде. Учаскелік полиция мәртебесін арттыру бойынша практикалық шаралар туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтып берді.

«Алгоритмдерді әзірлеуге ведомстволық ғылым мен практикадан 50-ден астам маман қатысты. Барлық құқықтық база біріктірілді, бұл полицияның үздік тәжірибелерін қамтитын ондаған акті. Заңнаманың жетілдірілуіне қарай алгоритмдер кезең-кезеңімен жаңартылатын болады. Қолайлы болуы үшін арнайы мобильді қосымша әзірлену үстінде. Ол учаскелік полиция мен олардың көмекшілерінің жұмыс істейтін планшеттеріне жүктеледі», - деп түсіндірді ӘПК басшысы.


Айта кетейік, әрбір учаскелік инспектордың жанынан көмекші бекіту жоспарланған. Алдын ала есептеулер бойынша учаскелік полиция мен олардың көмекшілерінің штаты ішкі резервтер есебінен 1 131 қызметкерге ұлғайтылуы мүмкін.