«Мемлекет басшысы 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады. Бұл бекер емес. Еліміздің тұрақтылығын сақтап, алға даму үшін, оның ішінде қылмыспен күресіп, оның алдын алуға қарапайым азаматтар көп үлес қосады. Заң бойынша аса белсенді көмекшілерді марапаттау механизмі қарастырылған. Өткен жылы 4 мың азамат марапатталды. Оның ішінде басым бөлігіне ақшалай сыйақы берілді. Одан басқа, мақтау қағазы, түрлі сыйлықтар табысталады, - деді Комитет төрағасы.
Оның айтуынша, белсенді азаматтарды марапаттау туралы шешімді тоқсан сайын әкімдік жанындағы арнайы комиссия қабылдайды. ІІМ ұсынысымен 2018 жылдан бастап осындай азаматтарға ақшалай сыйақы 15 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.