ІІМ сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесін қатаң бақылауында ұстап отыр. Қазіргі кезде қызметкерлердің айлығын көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары қолға алынды. Бұл мәселе де жемқорлықты жоюға әсер ететін көп факторлардың бірі, деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Спикер учаскелік инспекторлар арасындағы нақты жағдайға да тоқталды. Өткен жылдары учаскелік полиция қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар жалпы қылмыс санының 8-10% болса, биыл бұл көрсеткіш 4% құрайды. Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары жасаған 3 факті тіркелді.