25.05.2021 _ 15:50

БҚО-да 2021 жылдың 4 айында 7 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында БҚО әкімі Ғали Есқалиев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Оның айтуынша, БҚО -да ағымдағы жылдың 4 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2,7% -ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 3,5% -ға өскен. Сондай-ақ кейбір салалар бойынша көрсеткіштердің төмендеуіне не себеп болғанын айтты.
фото с сайта freepik.com

«Өнеркәсіп өндірісінде (6,9% - ға), негізгі капиталға инвестициялар бойынша (40,2% -ға) және құрылыста (11,9%-ға) төмендеу байқалады. Бұл ең алдымен Қарашығанақ кен орнында көмірсутектерді өндіру көлемінің жоспарлы азаюына, сондай-ақ осы кен орнындағы 2 ірі жобаға инвестициялардың аяқталуына байланысты. Бұл жобалар биыл іске қосылуда және көмірсутектерді өндіру көлемін жоспарлы деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті Ғ.Есқалиев.


2021 жылдың 4 айында облыста 6 357 жұмыс орны құрылды, 6690 адам жұмысқа орналастырылды.