25.05.2021 _ 16:30

Батыс Қазақстан облысының 385 мектебінде 11,5 бейнекамера орнатылған

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру барысында өңірде білім саласындағы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Атап айтқанда, Орал қаласында республикалық физика-математика мектебінің филиалы 1-2 сынып оқушыларын биылдан бастап қабылдайды. Сонымен қатар, 18 арнайы топта 32 инклюзивті тәрбиелеу кабинеті қызмет көрсетеді. Балабақшалар 112 арнайы мамандармен және тиісті құралдармен қамтылып, 1 152 бала ерекше тәрбие алу мүмкіндігіне ие болып отыр.
иллюстративное фото с сайта freepik.com

«Облыста 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100%, 1-6 жастағы балалар 76,3% қамтамасыз етілген. Колледждерді сенімгерлік басқаруға беруді бастадық. Сервис және жаңа технологиялар колледжі кейіннен сатып алу құқығынсыз 10 жылға сенімгерлік басқаруға берілді.  Нәтижесінде 10 жыл ішінде жөңделуіне жұмсалатын 52 млн теңге бюджет қаражаты үнемделіп, мемлекеттік бюджеттің шығындары азайтылды. Сондай-ақ, колледждің материалдық техникалық базасы еңбек нарығының сұранысына сай жаңартылатын болады», - деді облыс әкімі.


Өңірде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсаттардың бірі. Қазіргі кезде облыстың 385 мектебінде 11 587 дана бейнекамера орнатылған. Бірқатар мектептер арнайы қауіпсіздік компаниялармен келісімшарт жасасқан.