Спикердің айтуынша, қазіргі кезде бизнес жоспар зерттелу үстінде.
«Шалқар - 200 ш км ауданы бар көл. Оны «кіші теңіз» деп те атаймыз. Пандемия кезінде инвесторардың қызығушылығы көп болған жоқ. Биыл жыл басында нақты инвестор өз ұсынысын берді. Инвестиция көлемі кемінде 3 млрд теңгені құрайды. Қазіргі кезде бизнес -жоспар зерттелуде. Егер оны мақұлдайын болсақ, жоба жазда іске асырылатын болады», - деді Ғ.Есқалиев өз жауабында.
Спикердің айтуынша, жоба өңірге туристер тартуға және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған.