26.05.2021 _ 15:00

Біздің басты мақсатымыз – азаматтық бастамаларды толыққанды іске асыру және ҮЕҰ-ның өзін-өзі дамыту үшін өркениетті жағдай жасау - А. Балаева

Бүгінде елімізде заңды түрде 22 мыңнан астам ҮЕҰ бар, ал іс жүзінде 16 мың белсенді ұйым немесе әлеуметтік әділеттілік сезімі ерекше 40 мыңға жуық адам бар. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында халық алдында есеп беру барысында осындай статистиканы жария етті.
Біздің басты мақсатымыз – азаматтық бастамаларды толыққанды іске асыру және ҮЕҰ-ның өзін-өзі дамыту үшін өркениетті жағдай жасау - А. Балаева

Оның айтуынша, бұл орасан зор қоғамдық әлеует, зияткерлік күш пен энергетиканы қарапайым азаматтардың пайдасына, ал сайып келгенде, әлеуметтік прогрестің игілігіне айналдыруға болады және айналдыру керек.


«Мемлекет жыл сайын ҮЕҰ-мен серіктестікті арттырып келеді. Бұл ретте мұның бәрі жергілікті ортада қабылданғандай, гранттар мен әлеуметтік тапсырыстар түрінде қаржылық қолдауға ғана байланысты емес. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемі соңғы 5 жылда 2 есеге, гранттар 3 есеге артты. Осының арқасында жыл сайын орта есеппен 2 мыңға жуық әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылады», - деді министр.