27.05.2021 _ 12:20

Алматы облысында 20 блокты-модульді медициналық пункт салынады

Алматы облысында медициналық көмектің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету және шалғайдағы ауылдарды қамту үшін 2025 жылға дейін 109 нысан салу жоспарлануда. Оның 23-і ағымдағы жылы тапсырылады, оның ішінде 20 блокты-модульді медпункт. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өткен брифингте мәлім болды.


Жалпы денсаулық сақтау саласында 2020-2021 жылдары коронавируспен күреске жергілікті бюджеттен 14 млрд теңге бөлінді.


«3 томограф, 18 рентген аппараты, 219 ӨЖЖ, 180 жедел жәрдем машинасы, 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Нәтижесінде медициналық жабдықтармен және санитарлық автокөлікпен жабдықтау деңгейі 90% - ға дейін көтерілді. Талдықорған қаласында қысқа мерзім ішінде 200 төсектік модульді жұқпалы аурулар ауруханасы салынды», - деді Баталов.


Жалпы, эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда – деп сендірді аймақ басшысы. Халықты вакциналау жалғасуда. Вакцинаның 410 мың дозасы алынды. Бірінші компонентпен 215 мың адам, екінші компонентпен - 122 мың адам егілді, жалпы 1,1 млн адамды қамту жоспарланып отыр.