27.05.2021 _ 14:50

Жыл басынан бері су айдындарында 38 адам құтқарылды

Жыл басынан бері 53 адам, оның ішінде 26 бала суға батып қайтыс болды. Былтыр осы кезеңде 77 адам суға кеткен, оның ішінде 18-і бала болған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов хабарлады. Су айдындарында барлығы 38 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды.
фото с сайта freepik.com

«Суда қайтыс болудың басты себептері жабдықталмаған, тыйым салынған жерлерде шомылу, ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы, суға абайсызда құлау және өз күштерін жетік бағаламау, жеке құтқару құралдарынсыз балық аулау, құтқару кеудешелерінсіз жүзу құралдарын (катамаран) пайдалану болып табылады. Өткен аптада, 17-20 мамыр аралығында елімізде 12 адам суға кеткен, оның ішінде, екі бала», - деді спикер. 


Шомылу кезеңі 1 маусымда басталып, 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Суға түсу үшін су температурасы 18 градустан жоғары, ал қоршаған орта температурасы 30 градустан асуы керек. Суық суға түскен жағдайда, тамырларыңыз тартылып, бұлшықеттеріңіз түйіліп қалуы мүмкін, ол да суға батудың себебі болып табылады.