27.05.2021 _ 15:40

Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін жауаптылық туралы

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балаларға қарсы жыныстық қылмыстарды қадағалаудың ерекше тетігі енгізілді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев қылмыстық процестің жаңа форматы аясындағы қылмыстық қудалау органдары мен прокурордың жұмысы туралы баяндады.

Оның айтуынша, әрбір іс бойынша зорлаушының жауапкершілігімен қатар ата-аналары балаларын сеніп тапсырған ересектердің кінәсінің дәрежесі анықталады.


«Қазіргі уақытта балаларға қатысты қылмыстар туралы дер кезінде хабарламаған педагогтар, тәрбиешілер және дәрігерлер бойынша 26 қылмыстық іс тергелуде. Мектеп директорына қатысты қылмыстық іс соттың қарауына жіберілді. Мұғалім  5-сынып оқушысын өгей әкесінің жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқаны туралы ақпаратты жасырды деп айыпталуда. Ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді спикер.