31.05.2021 _ 15:40

Қазақстан ратификациялаған құжаттардың бірі Бала құқықтары туралы конвенция

1 маусым - Балаларды қорғау мерекесі қарсаңында елімізде 6 109 000 бала сауықтыру маусымын бастағалы тұр. Бұл туралы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. Оның айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан халықаралық құжаттарды ратификациялады. Олардың алғашқысы Бала құқықтары туралы конвенция болатын.

«Өзіміздің Ұлттық заңнамаға келсек, екі жыл ішінде 83 түзету енгізілді. Онда балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесі бірінші кезекте тұр. Бұл туралы бірнеше рет айтылды. Елбасы да, Президент те өзінің ең алғашқы Жолдауында, әрбір кезедсулерде балалардың қауіпсіздігі мәселесін атап өтеді. Жалпы, қала, аудан шеңберінде 228 аумақтық комиссия жұмыс істейді. Әр өңірдегі білім сапасы комитеттің бақылауында. Балалардың құқықарын қорғау бойынша қорғаншылық мекмелер, 130-дан астам ҮЕҰ, түрлі институттар бар», - деді спикер. 


Оның мәліметінше, 454 мың бала құқығы қорғалды. Жетім балаларды патронатқа алған адамдарға үкімет тарапынан көмек көрсетілуде. Бүгінде балалардың 81,5 пайызы отбасыларда тәрбиеленуде.