31.05.2021 _ 16:00

Талдаудан кейін өтініштердің басым бөлігі жүйелі проблемалардың бар екенін көрсетті - Бала құқықтары жөніндегі уәкіл

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымында жұмыс істеген 2 жылға жуық уақыт ішінде Аружан Саин 667 ресми өтініш алды. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-пен байланыс арқылы әлдеқайда көп келіп түсті. Ресми органдардың араласуынсыз мән-жайын білу мүмкін емес жағдайлардың жалпы санынан 90 ғана қалды! Оған қоса 2021 жылы 113 өтініш келіп түсті. Бұл мәліметтерді белсенді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жария етті.

Бұл өтініштердің сипаты әртүрлі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын бұзу, медициналық көмек көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, білім беру мекемелеріндегі қызметтерді шешу немесе әлеуметтік қызметтерге көмек көрсету, алимент туралы көптеген шағымдар, шешімін таппай жүрген ата-аналардың даулары бар: ажырасқаннан кейін бала кіммен тұрады... Кейбір мәселелерді басқа елдердегі уәкілетті әріптестермен бірге шешуге тура келеді.


«Талдаудан кейін өтініштердің басым бөлігі шешілуі тиіс жүйелі мәселелер бар екенін көрсетті. Бұл бағытта біз өте үлкен жұмыс атқарудамыз. Қысқасы, бала кездегі мүгедектігін азайту бойынша. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалардың өсуі тоқтап, төмендеуі үшін. Біз көру, есту, БЦП және б. байланысты мүгедек балалардың санын бірнеше есе азайтуға болады деп сенеміз. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және білім беру жүйесі арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нақты жолға қоюымыз керек. Өткен жылдың тамыз айында премьер-министр мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Жол картасына қол қойды, онда бала туғаннан кейін нақты құрылған процеске алып келетін барлық алгоритмдер жазылған: клиникамен, балалардың барлық қауіп-қатер топтарын диагностикалаумен және анықтаумен, тиісінше, ерте араласу кезеңінде уақтылы медициналық көмек көрсетумен, барлық қажетті оңалту орталықтарын ұйымдастыруды, әсіресе, тәуекелдерді азайтуға және баланың мүгедектікке ұшырамауын және сапалы әрі толыққанды өмір сүруін қамтамасыз етуге болатын ерте сатыда», - деді Аружан Саин.