02.06.2021 _ 10:20

Сұраныс пен өндірістің өсуі. Химия, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп даму динамикасын көрсетуде

Дезинфекциялық құралдар мен минералды тыңайтқыштарға сұраныстың артуы химия өнеркәсібінің өндіріс көлемін арттырды. Өсім 11% құрады. Саланы дамыту мақсатында «Атамекен» ҰКП және мемлекеттік органдармен бірлесіп саланы дамытудың 2025 жылға дейінгі жол картасын әзірлеу жүргізілуде. Бұл туралы халық алдында есеп беру барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.
иллюстративное фото с сайта zakon.kz

4 айдың қорытындысы бойынша фармацевтикалық өнеркәсіп өндірісінің көлемі 26% - ға өсті.


«Бүгінгі таңда біздің фармацевтикалық кәсіпорындарымыз COVID-19 емдеу үшін ұсынылған 44 дәрілік заттың 22 позициясы бойынша ішкі нарықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын өндіруді жалғастыруда. Жеңіл өнеркәсіпті дамытуға ерекше назар аударылады, ол мемлекетте жоғары әлеуметтік рөл атқарады. Бүгінде салада 27 мыңға жуық адам жұмыс істейді, олардың 60% - ы әйел. Мұнда да оң динамика байқалады. Өсім 5% құрады. Бұл киім өндірісінің 23% - ға, былғары және оған қатысты өнімдердің 29%-ға өсуіне байланысты. Биыл былғары өнеркәсібіне инвесторлар тартылды, былғары өңдеу қайта қолға алынады, экспортты қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті ведомство басшысы.


Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында шикізат базасын дамытуға, инвестициялар тартуға, қолайлы фискалдық шараларға, саланы кадрлық қамтамасыз етуге бағытталған шаралар топтамасы пысықталды.


Өңдеу өнеркәсібінің басқа да салаларында оң динамика байқалады.