Бірақ жолдардың сапасына әсер ететін проблемалар бар: білікті кадрлар жетіспейді, мемлекеттік сатып алу жүйесі ақсап тұр, ал кейбір жобаларда техникалық қадағалаушылар мен аккредиттелген зертханалар жоқ.
Сондай-ақ, жолдардың сапасына олардың қалай пайдаланылатыны әсер етеді. Бұл үшін ұстау шығындарын толық көлемде өтеуге және республикалық бюджетке жүктемені азайтуға мүмкіндік беретін ақылылық енгізілуде. 8 жыл бұрын «Астана-Щучинск» жолында алғашқы ақылы жүйе енгізілген кезде Үкімет бекіткен мөлшерлемелер жаңа учаскелерде де сақталып отыр.
«3-4 күн бұрын жүк көлігі жүргізушілері жаңа учаскелерде ақылы жүйе енгізуге наразылық білдірген жағдайлар болды. Аталған мәселені шешу үшін министрлік, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП және «Казлогистикс» қауымдастығы өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл мәселе соңғы 2 жыл бойы талқыланды .... Ақылы жолдар – бұл әлемдік тәжірибе. Көптеген елдерде ақылы жүйе «Жолды кім пайдаланса, сол оны күтіп-ұстау үшін төлейді» деген әділ қағиданы ұстанады. Өйткені көбінесе пайда тапқысы келетін инертті материалдар тасымалдайтын ауыр жүк көлігі жол төсемін бұзады. Сонымен қатар, Қазақстан аумағы арқылы үшінші елдерден он мыңдаған транзиттік жүк көлігі өтеді. Олар жолдарымызды тоздырады, ал біздің тасымалдаушылар шет елдердің аумағы арқылы өткенде, тиісті алымдар төлейді. Жалпы, 2025 жылға дейін автомобиль жолдарының 11 мың шақырымына ақылы жүйені енгізу жоспарланған. Бірінші кезеңде 2021 жылы 5,8 мың км жолда ақылы қозғалыс ашу көзделген. Бұл жөнделмеген жолдарға әсер етпейтінін бірден атап өткім келеді. Бірінші кезекте, ақаусыз учаскелері бар жөнделген жолдар іске қосылатын болады. Бұл бірінші санаттағы жолдар болады», - деді министр