02.06.2021 _ 12:10

Түркістаннан 8 қалаға рейстер ұшатын болады – ИИДМ басшысы

Түркістан қаласынан еліміздің басқа облыс орталықтарына авиамаршруттар ашу жоспарда бар ма? Бүгін орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловқа осындай сұрақ қойылды. Оның айтуынша, еліміздің өзге өңірлеріне әуе бағыттарын ашу мәселесі қарастырылуда.
фото с сайта freepik.com

«2020 жылғы 1 желтоқсанда Түркістан – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша рейс жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Стамбұл мен Бішкекке рейстер ашылды. Ел өңірлеріне тікелей рейстер ашу ұсыныстары бар. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты, жыл соңына дейін 8 облыс орталығымен байланыс орнату жоспарланған», - деді ведомство басшысы. 


Б.Атамқұлов билет бағасын арзандату үшін бюджеттен 2 млрд теңгеге жуық субсидия қарастырылғанын жеткізді.