02.06.2021 _ 12:40

Карьерлік самосвалдар нормалар мен технологияларды бұза отырып, еліміздің тасжолдарымен жүреді – ИИДМ

Осы аптада ақылы жолдар жүйесі, оны енгізу мерзімі, төлемдер тетігін қайта қарау жалғасады. Жауапты органдар жүк көліктерінің тілектерін қарастырады. Бірақ 8 жыл бұрын бекітілген тарифтер әлі де сақталып отыр. Жеңіл көлік үшін – бір км үшін 1 теңге, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін – абонемент жылына мың теңгені құрайды. Бұл жағдайда тек 40 тонналық көлік иелері ғана «шығын» көреді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«Бүгінде республикалық маңызы бар жолдармен жүретін жүк көліктері, 40 тонналық көліктер бар. Олар жолды бұзады. Айта кетейік, олар үшін бұл қымбатқа түседі. Бұл мәселені қарастыру қажет, себебі, олар өз жүктерін топырақ жолмен тасымалдауы тиіс деген жалпы қағидалар бар. Карьерлік самосвалдарды пайдаланатындар ережелерге сәйкес қосалқы жолдармен жүруі керек, ол үшін қиыршық тас, технологиялық жолдар болуы керек. Бұдан басқа, карьерлік көліктің республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар тасжолдармен жүруге құқығы жоқ. Енді ғана жол саламыз, карьерлік самосвалдар жүріп, бір жылдың ішінде құртады, өйткені жол технологиясы оларға арналмаған», - деді министр.


Ұлттық оператор «ҚазАвтоЖол» басқа уәкілетті қауымдастықтармен бірлесіп барлық қағидалар жүйесін мұқият қайта қарайтын болады.