03.06.2021 _ 11:50

Смартфондағы мемлекеттік қызметтер. 15 цифрлық құжат және eGov mobile қосымшасында 1 млн-нан астам пайдаланушы бар

Ағымдағы жылдың 5 айында 28 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның шамамен 20% - ы eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы ұсынылды. Смартфонда қызметтерді алу қажеттілігін түсініп, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мобильді қосымша арқылы алынатын мемлекеттік қызметтерді дамытуға ниетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте оператордың басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин хабарлады.
Смартфондағы мемлекеттік қызметтер. 15 цифрлық құжат және eGov mobile қосымшасында 1 млн-нан астам пайдаланушы бар

Оның айтуынша, 1 млн-нан астам азамат eGov mobile қосымшасының белсенді пайдаланушысы болып табылады. 15 цифрлық құжат іске асырылды. Соңғы кейстердің бірі 250 мыңнан астам азамат қолданған «вакцинация паспорты». Қазіргі кезде ХҚКО-ларда, ТЖ-тасымалдар кезінде цифрлық құжаттар қабылдануда, әуе тасымалдар бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Маусым айында 5 әуежайда және басқа авиакомпанияларда қамтуды кеңейту жоспарлануда.


«Ashyq» қосымшасы бойынша «ҰАТ» АҚ инфрақұрылымына көшу аясында функционалдың бір бөлігі заманауи тілге көшірілді, оркестрлеу, кластерлеу және серверлік жабдықтау құралдары енгізілді. Осы сияқты жұмыстар Денсаулық сақтау министрлігімен де жүргізілді, өйткені азаматтардың ПТР-тестілерінің нәтижелері министрлікте және сол жерден көрсетіліп, тартылып жатыр», - деді спикер.