03.06.2021 _ 12:10

Шетелдегі қазақстандықтар eGov.kz порталынан 5 жаңа қызмет ала алады

Қазір әлемнің 23 еліндегі кез келген қазақстандық құжаттарды «eGov.kz» порталы арқылы неке қиюға немесе бұзуға, тууды, қайтыс болуды және атын, тегін, әкесінің атын өзгертуге бере алады. Құжаттарды портал арқылы тапсыруға және дайын болғанда консулдықтардан алуға болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.


«Президент тапсырмасына сәйкес, біз Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп инвестициялық климатты дамыту бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Осылайша, шетелдегі азаматтарға қызмет көрсетіп қана қоймай, шетелдіктер үшін портал арқылы бизнеске қолайлы жағдай да жасалуда. Бұл қазіргі пандемия жағдайындағы жұмыстар. Мысалы, шетелдік азамат елімізде өз бизнесін ашқысы келсе, оған тиісті құжаттарын тапсырған соң ЭЦҚ және ЖСН беріледі. Сол арқылы елге келмей-ақ кәсібін аша алады», - деді министр


Қазіргі кезде бұл функция салалық министрлікпен бірлесіп, барлық елшіліктерде енгізіліп жатыр. Яғни, елдер тізімі толықтырылады