03.06.2021 _ 12:50

ХҚКО-ға кезекті брондау тоқтатылмайды - цифрлық даму министрі

«Ashyq» арқылы келушілердің мәртебесін тексеру үшін ХҚКО-ға брондау сервисін алып тастау кезек тудырмай ма? Барлығын осы қосымшамен қамтуға деген ұмтылыстан неге мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар зардап шегуі керек?


Цифрлық даму министрінің айтуынша, сервис 5-7 жыл бұрын енгізілген, жоба оң нәтиже берді және тоқтатылмайды.


«ХҚКО-ға келіп, бүгін анықтама немесе кеңес алуға, бір минутқа «жай сұрау ғана» келетін адамдар бар. Біз әрбір өтініш білдірушіге 15-30 минут уақыт белгілейміз, тиісінше егер осы 15-30 минутты барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарына бөлсек, біз Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына сонша терезе және сонша бронь бере алмаймыз. Сондықтан «Ashyq» қосымшасын қолдану арқылы осы мәселені шешуге мүмкіндік бергіміз келеді», - деп жауап берді Бағдат Мусин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.


Ол брондау пандемия кезінде оң нәтиже көрсеткенін, тіпті «жасыл аймақтарда» ХҚКО ашылғаннан кейін де бұл үрдіс сақталғанын еске салды. Ал мобильді электрондық үкіметтің озық пайдаланушылары анықтамаларды дағдыланған форматта алатын болады.