«Білім министрінің білім беру несиелері бойынша жағдайды жақсарту қажеттілігі туралы бастамасы болды, атап айтқанда, жақын арада мөлшерлемені төмендету бойынша жұмыстар жүргізу қажет. Заңнамада белгілі бір стандарттар қабылданды. Орта мерзімді перспективада білім беру несиелері бойынша мөлшерлемелер айтарлықтай төмен, шамамен жылдық 3-4%-ға өзгереді деп болжануда, бұл білім алу үшін айтарлықтай көтермелі қаржы құралы болып табылады», - деп атап өтті спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сондай-ақ ол әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асыратын студенттер үшін әлеуметтік студенттік несиелер ынталандыру болғанын жеткізді. Волонтерліктің жұмыс істеген сағаттары үшін 20 мың және 50 мың теңге мөлшерінде ваучерлер алуға болады.