04.06.2021 _ 16:10

Рақымшылыққа байланысты сыбайлас жемқорлық тұрғысынан жағдай нашарлайды деп болжау дұрыс емес - Әділет министрі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы жылдан жылға дәл сол қылмыстар қайталанатынын жеткізді. ҚАЖК да рецидивтер туралы айтады. Биыл жарияланған сотталғандарға рақымшылық жасау жағдайды ушықтыра түспей ме? Әділет министріне Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында осындай сұрақ қойылды. Марат Бекетаев мұның бәрі «Рақымшылық туралы» заңның нақты баптарына байланысты деп жауап берді.

"...бірақ, әдетте, өткен жылдардағы тәжірибе бойынша рецидивистер рақымшылыққа ұшырамайды. Бізде жемқорларды жазалаудың арнайы нормалары бар. Сондықтан рақымшылыққа байланысты осы салалардағы сыбайлас жемқорлық тұрғысынан жағдай нашарлайды деп болжау дұрыс емес шығар. Себебі заң шығарушылар мен осы заң жобасын әзірлеуге қатысатын біздің құқық қорғау органдарымыз осы жағдайлар мен факторларды ескереді», - деп түсіндірді ведомство басшысы.