07.06.2021 _ 14:00

Тең жағдайлар және әділ нәтижелер. Академиялық адалдық критерийлеріне сәйкес келмейтін олимпиадалар мен конкурстар БҒМ тізбесінен алынып тасталады

Оқу жылының басында барлық ұйымдар олимпиадалар мен конкурстарды өткізу туралы ережелерді, қатысу шарттарын, бағалау критерийлерін және оларды өткізу мерзімдерін алады. Бұл дарындылықты жүйелі дамытуға мүмкіндік береді. Барлық жарысқа қатысушылардың базасы мен олардың нәтижелері Ұлттық білім беру деректер қоры жүйесінде электрондық форматта қолжетімді болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті.
Тең жағдайлар және әділ нәтижелер. Академиялық адалдық критерийлеріне сәйкес келмейтін олимпиадалар мен конкурстар БҒМ тізбесінен алынып тасталады

Бүгінде экология, смарт-технологиялар, зерттеу конкурстары бойынша конкурстар мен олимпиадалар енгізілді. Тізбеде IT-құзыреттер, шешендік өнер және музыкалық импровизация бойынша конкурстар, музыканттар, суретшілер, театр өнері, хореографиялық, техникалық шығармашылық конкурстары, балалар киносы фестивалі, сондай-ақ кәсіби шеберлік конкурстары мен спорттық жарыстар бар. Олимпиадалық тапсырмалар PISA, TIMMS, PIRLS халықаралық зерттеулерінің деңгейлерін де ескереді.


«Ашықтық, академиялық адалдық, қатысушылар үшін тең жағдай және әділ нәтижелер жарыстарды өткізуді автоматтандыру есебінен қамтамасыз етіледі. Егер осы іс-шараларда ұйымдастырушылардың академиялық адалдық, заңдылық, ашықтық, объективтілік, тегін өткізу қағидаттарын бұзу фактілері анықталса, онда олимпиада немесе конкурс тізбеден алынып тасталады. Дәл осындай қағидаттар мен критерийлер жаңа іс-шаралар тізбесіне енгізу үшін жағдайлар болады. Осылайша, министрлік елімізде өткізілетін конкурстар мен олимпиадалардың сапасы мен тиімділігін арттыруға ниетті», - деп түйіндеді спикер.