07.06.2021 _ 12:00

Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күніне орай БҰҰ «Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауын жариялайды

Байқауға журналистер мен блогерлер қатыса алады. Онлайн және баспасөз БАҚ-та жарияланған қазақ орыс және ағылшын тілінде жазылған мақала 800 сөзден аспауы тиіс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҰҰ-дағы баспасөз және коммуникацияларының кеңесшісі Эльнара Байназарова мәлім етті. Байқаудың басты шарттарының бірі қатысушы ҚР азаматы және жасы кемінде 18-де болуы керек.

«Қоршаған ортаны қорғау күніне және экожүйелерді қорғауға бағытталған БҰҰ 10 жылдығы саласындағы байқау тек қана үкіметтер, халықаралық ұйымдар, бизнес өкілдерінің ғана емес, жекелеген адамдардың ой-өрісін, ой-танымын өзгерту, климаттың өзгеруіне қарсы қандай ерекше стандарттан тыс шешімдер қабылдай алатынына байланысты ұйымдастырылып отыр. Аталған журналистер байқауының бас жүлдегерлері – 1-ші, 2-ші, 3-ші орын алғандар, сәйкесінше, 2500, 1300, 800 доллар шамасында арнайы марапаттарға ие болады. Оған қоса, 1-орын жүлдегері қараша айында Шотландияда Глазго қаласында өтетін Жалпы климаттық саммитке қатысуға жолдама алады», - деді Э.Байназарова.
Оның айтуынша, ең үздік деп танылған 10 мақаланың авторына БҰҰ атынан арнайы сертификаттар табысталады. 


Техникалық мәліметтер толығырақ Қазақстандағы БҰҰ сайтында және әлеуметтік желілердегі uninkazakhstan.org (http://uninkazakhstan.org/) парақшаларында ұсынылған.