09.06.2021 _ 16:00

АӨК дамытудың негізгі мақсаттары – еңбек өнімділігін және өңделген өнім экспортын ұлғайту

Агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі орнықты дамыту мақсатында Министрлік Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы және Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын әзірледі.
иллюстративное фото с сайта strategy2050.kz


Олардың негізгі мақсаттары, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру; ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен 80% деңгейінде молықтыру; өңделген өнім экспортын 2 есеге ұлғайту; ірі инвестициялық жобалар айналасында 7 экожүйе қалыптастыру болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша өткен брифингте ведомство басшысы Сапархан Омаров мәлім етті. 


Жалпы, жоспарланған шаралар алдағы бес жылда алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ салаға 4,5 трлн. теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді және қосымша 500 мың адам жұмыспен қамтамасыз етіледі.