09.06.2021 _ 16:20

Картоптан табылған жұқпалы бактерия елімізде алғаш рет тіркеліп отыр - АШМ

АШМ баспасөз қызметі Қазақстанға импортталған картоп пен сәбіз тұқымынан жұқпалы бактерия табылғанын мәлімдеген болатын. Соған байланысты қандай шаралар қолданылды? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер АШМ өкілдеріне осындай сұрақ қойды. Оған ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марсов жауап берді.
иллюстративное фото с сайта iz.ru

«2021 жылдың сәуір-мамыр айларында Қазақстанға Германия мен Нидерланд елдерінен картоп тұқымы әкелінді. Карантиндік сараптама нәтижесінде «зебра чип» деген бактериялық жұқпалы ауру анықталды. Бұл факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, әкімшілік іс сотқа жіберіліп, сот шешімі шығарылды. Тасымалдаушыға айыппұл салынып, жүк тәркілеуге және жоюға жіберілді. Мұндай ауру елімізде бірінші рет тіркелді», - деді А.Марсов.


Қалған 7 факті бойынша сот процестері жүруде. Қазіргі кезде карантиндік бақылау күшейтіліп, тиісті жұмыстар қолға алынуда.