10.06.2021 _ 12:20

Қызылорда облысы тұрғындарының 97%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді

Үкімет қолдауының арқасында Қызылорда облысында инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелері де шешілуде. Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының 97%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, 65%-ы табиғи газ тұтынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова хабарлады. Жыл соңына дейін аймақ халқының 67,4 %-көгілдір отынға қосылады.

«Су, кәріз желілерін салу және қайта жаңғырту бойынша құны 1,4 млрд. теңгенің  жобалары жүзеге асуда, 400 шақырым болатын жол, көпір өткелдері мен көшелерді жөндеуге және салуға 17 млрд-тан астам теңге бағытталды, бұл жақсы деңгейдегі жолдардың үлесін 70%-дан 75%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді облыс әкімі.


Сонымен қатар, өңірде «Birgemiz: Taza Alem», «Таза Табиғат» жалпыұлттық жобалары аясында «ЭКО - Қызылорда патрулі» жобасы жүзеге асырылуда. 


Рұқсатсыз қоқыс полигондары туралы хабарламаларға волонтерлерді тарта отырып, жедел шаралар қабылдануда.