10.06.2021 _ 12:30

Кальцилендірілген сода өндіру жобасы өңірге инвестиция тартуға мүмкіндік береді – Қызылорда облысының әкімі

Арал ауданында салынатын Кальцилендірілген сода өндіру зауытының құрылысына жергілікті халық қарсы болып жатқан секілді. Себебі неде? Эколог мамандар қандай шешім шығарды? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызықлорда облысының әкімі осы сұраққа жауап берді. Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, қазіргі кезде қажетті құжаттар дайындалып жатыр.
Кальцилендірілген сода өндіру жобасы өңірге инвестиция тартуға мүмкіндік береді – Қызылорда облысының әкімі иллюстративное фото с сайта 24.kz

«Кальцилендірілген сода өндіру жобасы аймаққа 92 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Зауыттың өзінде 700 жаңа жұмыс орны және сервистік компанияларда 500-ден аса жұмыс орны ашылады. Мұны қоспағанда шамамен 1000 жұмыс орны ашылады. Бұл дегеніміз қаншама отбасыға мүмкіндік. Оның үстіне, зауыттан шыны зауытына шикізат алынады. Сонымен қатар, бөгет салу, шлак түсетін деңгейді көтеру сияқты экологиялық талаптар бойынша іс шаралар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ зауытта жаңа технология пайдаланылады. Нәтижесінде шлак аз болады және ол қайта өңделеді», - деді облыс әкімі. 


Г.Әбдіқалықова зауыт құрылысына байланысты мамыр айында Арал тұрғындарымен кездесу өткізілгенін атап өтті. 


Айта кетейік, дәл осындай сода өндіретін зауыт көршілес Өзбекстанда іске қосылған. Алдағы уақытта белсенділерді тарта отырып, осы кәсіпорынның жұмысымен таныстыру ұйымдастырылады. Бұл тұрғындарға зауыт құрылысының қауіпсіз екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді.