11.06.2021 _ 09:40

ІІМ жыл соңына қарай толықтай электронды тергеуге көшеді

Сотқа дейінгі іс жүргізу саласын жетілдіру туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен халық алдында есеп беру кездесу барысында мәлімдеді.
иллюстративное фото с сайта mvdmedia.ru

Ведомство басшысының мәліметінше, қылмыстық істерді электрондық форматта тергеу тәжірибесі кеңеюде.


«Өткен жылы қылмыстық істердің 50% - ы осы нысанда тергелді. Ағымдағы жылы - 70%. Жыл соңына дейін электрондық тергеуге 100% көшу жоспарлануда. Осылайша, тергеу мерзімдері қысқарады, азаматтардың конституциялық құқықтарын бақылау және қорғау деңгейі артады. Заңдылықты бұзу жағдайлары алынып тасталады», - деді Е.Тұрғымбаев.


Қазақстан ТМД-да сотқа дейінгі өндірісті цифрландыруды бастаған алғашқы ел.