14.06.2021 _ 11:40

Зейнетақы цензін төмендету мәселесі объективті себептер бойынша қарастырылмайды-Еңбек министрі

Мәжіліс депутаттары үкіметтен бірнеше рет талап еткендей, ерлер мен әйелдер үшін зейнетақы цензін төмендету мүмкін бе? Жоқ! Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов ведомствоның ұстанымын түсіндірді.

«Министрлік зейнетақы цензін төмендету мәселесін қарастырмайды. Оған объективті себептер. Біз халықаралық тәжірибені зерделеп, 1998 жылдан бастап жаңа жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көштік, ол адамның жинақтаушы жүйеге қалай қатысатынына, яғни оның жоғары зейнетақы алуы өтіліне байланысты болады. Зейнеткерлік жасты төмендетуге келетін болсақ, ертең бұл адамдар зейнетақының бұл бөлігін жинақтауға үлгермеуі мүмкін, зейнетақы аз болуы ықтимал. Сондықтан бұл мәселе қарастырылмайды», - деді ведомство басшысы.


Бірақ ол балама ретінде зейнетақы аннуитеті пайдаланылуы мүмкін екенін жеткізді. Ер адамдар үшін ол 55 жастан бастап қолданылады. Тек жинақтаудың белгілі бір шегін жинау керек.