14.06.2021 _ 15:50

Kids go free. Балалардың ұшуын субсидиялау ата-аналарға шығындардың үштен бірін үнемдеуге мүмкіндік береді

Қазақстандықтар үшін көптен күткен шаралардың бірі «KIDS GO FREE» болады - бұл балалардың ұшуын субсидиялау тетігі. Бағдарламаның әкімшісі және операторы «Kazakh Tourism» АҚ болады. Компанияның Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған шара ТОП-10 дестинацияда ұйымдастырылған отбасылық демалысты ұлғайтуға бағытталғанын және туроператорлар арқылы жүзеге асырылатынын айтты.
Kids go free. Балалардың ұшуын субсидиялау ата-аналарға шығындардың үштен бірін үнемдеуге мүмкіндік береді фото с сайта freepik.com

«Яғни, 2 жастан 14 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар балалар билеттерінің құнын шегере отырып, жолдамаларды сататын туроператорлар арқылы қазақстандық курорттарға жолдама сатып алуы тиіс. Міндетті талаптар болу мерзімі 4 түн және 5 күн, - деп атап өтті спикер.


Мамандардың есептеуінше, Қазақстандағы отбасылық демалысты ынталандыру отбасы құрамына байланысты шығындарды 20-30% - ға арзандатады.