15.06.2021 _ 12:00

Long list. Экология министрлігі кесуге тыйым салынған ағаштар тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр

Өткен жылдың соңында заңсыз кесілген ағаштардан келтірілген залалды бағалаудың белгілі бір әдістемесі бар Үкімет қаулысы шықты. Алайда, онда ағаштардың кейбір түрлері ғана көрсетілген, сондықтан басқаларын кесуге бола ма? Мұндай «ағаш кесушілердің» заңсыз қызметіне қандай орган бақылау жүргізуге құқылы? Бұл туралы журналистер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысушылардан сұрады.
Long list. Экология министрлігі кесуге тыйым салынған ағаштар тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. Ерлан Құтпанбаев заңсыз ағаш кесуден келтірілген зиянды өтеу туралы 441-ші қаулы бойынша олқылықтарға жол берілгенін айтты.


«Биыл өзгерістер енгіземіз, қысқа мерзімде бұл проблемалар басқа ағаштар бойынша жойылады. Негізінен қызыл кітапқа енген және сирек кездесетін ағаштарды кесу күшейтілді, ал басқаларында екінші бөлім бар. Бірақ орман қорына жататындар түгел кірмген. Мәселе Үкімет қаулысына өзгерістер енгізу бойынша пысықталуда», - деп сендірді спикер.


Бақылаушы органның құзыреті «Өсімдіктер әлемі туралы» Заңмен реттелетін болады. Өкілеттіктер орман шаруашылығы комитетінің аумақтық инспекцияларына, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарына бекітілген.