16.06.2021 _ 12:10

А. Цой: қазақстандық вакцина қазір ел ішінде де, шетелде де сұранысқа ие

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында сөз сөйлеп, Қазақстанның отандық вакцинаны экспорттауға дайын екенін мәлімдеді. Бірақ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты әлі күнге дейін өнеркәсіптік көлемде вакцина шығара алмайды. Жалпы экспорт қалай жолға қойылады? Денсаулық сақтау министрінен осы жайлы сұрады.
иллюстративное фото с сайта kapital.kz

Алексей Цой қазақстандық вакцина қазір ел ішінде де, шетелде де сұранысқа ие екенін мәлімдеді. Ал жеткізу кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. 


«Басқа елдерге жеткізу - бұл өте ұзақ процедура: елдердің өзара мойындауы, белгілі бір елде тіркеу қажет. Біз бұл жұмысты бастағалы отырмыз, осы вакцинаны алуға ниет білдірген серіктестерді іздейміз, қазір барлық реттеуші құралдар іске қосылған. Жамбыл облысында орналасқан зауытты пайдалануға беру жоспарланып отырғанын көріп отырмыз, ол да өнеркәсіптік қуатқа шыға алады. Негізінде іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталды, қазір жабдықтың валидациясы жүріп жатыр, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпараты бойынша қазір барлық регламенттік рәсімдер өтуде. Күзге қарай зауыт іске қосылып, кезең-кезеңімен өз қуаттылығын кеңейтеді деп ойлаймыз», - деді ведомство басшысы отандық вакцинаның экспорттық әлеуетіне тоқтала отырып.