16.06.2021 _ 15:40

Мемлекеттік тапсырыс есебінен 4-17 жас аралығындағы 80 мыңнан астам бала мен жасөспірім ақысыз негізде үйірмелермен және секциялармен қамтамасыз етілді

Мемлекет басшысы өз Жолдауында балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударды. Осы тапсырманы орындау үшін Мәдениет және спорт министрлігі келесі кешенді стратегиялық шараларды қабылдады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр Ерлан Қожағапанов мәлім етті.


 2020 жылғы 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оның шеңберінде алғаш рет балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс тетігі енгізілді. 

«Тиісті нормативтік-құқықтық актілер – жан басына қаржыландыру әдістемесі мен ережелері, мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру ережелері және шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларының рейтингін анықтау ережелері әзірленіп, қабылданды. Аталған құжаттар ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтті және ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен бекітілді. Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырысты жүзеге асыру 2021 жылғы 1 мамырдан бастап іске қосылды. Қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілді», - деді вице-министр. 


Мемлекеттік тапсырыстарды енгізу 4-18 жас аралығындағы 82 241 баланы ақысыз негізде секциялар мен үйірмелерге баруы қамтамасыз етілді. Шараны жүзеге асыру шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларында айналысушылардың санын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды және қосымша жұмыс орындарын дамыту бөлігінде бизнес қауымдастық пен бейінді ұйымдарды жандандырады.