17.06.2021 _ 12:00

Кәсіпкерлерге 34 млрд теңгеге қолдау көрсетілді - Павлодар облысының әкімі

Жыл басынан бері Павлодар облысында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 350-ге өсіп, тауар айналымы 30 млрд теңгеден астам артты. Мемлекеттік шаралардың арқасында бизнестің 1,5 мың жобасына 34 млрд теңгеден аса қаржылай көмек көрсетілді. Жыл соңына дейін кем дегенде тағы 700 кәсіпкерге қолдау көрсетілмек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов хабарлады.

 
«Business Ertis» аймақтық кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында ауылға ерекше назар аударылды. Оның жаңа бағытының міндеті – облысымыздың әр ауданында бір-бір ауқымды жобаны бастаумен қатар, ауылдағы шағын, орта, бастауыш бизнеске күнделікті көмек көрсету», - деді өңір әкімі.  


Сонымен қатар, бағдарламаны тағы бес бағыт – кәсіпкерлерге атаулы көмек көрсету, экологиялық, инновациялық және әлеуметтік бастамаларды дамыту, сондай-ақ инвестицияларды тарту бойынша жүргізу қарастырылған.