17.06.2021 _ 12:30

Шыбын-шіркеймен күрес. Масалардың азайғаны байқалады - Павлодар облысының әкімі

Павлодар облысында масаларды улауға 1,5 млрд теңге бөлінді. Өңір тұрғындары бұл жұмыстардың тиімсіздігіне шағымданды. Аймақ басшысының айтуынша, шыбын-шіркеймен күресте олар ең алдымен ғылыми негіздемеге сүйенген. Бірақ ауа райы өз әсерін тигізді.
Шыбын-шіркеймен күрес. Масалардың азайғаны байқалады - Павлодар облысының әкімі фото с сайта freepik.com

«Шыбын-шіркеймен күрес – өте өзекті, әлеуметтік мәселе. Жеке басым оны маңызды негізгі міндеттердің бірі деп санаймын. Мердігерге арналған конкурстық құжаттамада біз де, адамдар да осы жұмыстың тиімділігін сезінбейінше, орындалған жұмыс үшін аванс та, ақша да бермейміз деген шарт қойдық. Облыстық мердігер бойынша жұмыстар уақытылы басталды. Проблемалар неде? Ғылыми сүйемелдеу топтары нақты мерзімдер айтады, бірақ ауа температурасы көтерілді, шыбын-шіркей ұша бастады, бір бөлігі облыс орталығына жетеді, содан кейін тосқауылды өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл тұрақты түрде атқарылатын жұмыс. Біз шыбын-шіркеймен күресіп жатырмыз. Масалардың азайғанын біз де, тұрғындар да байқады. Бірақ масалар саны азайғанымен, шіркейлер көбейді», - деді әкім. 


Маса - өзендердің жайылмасынан, ал шіркей – ағыннан келеді. Сондықтан дәрі-дәрмекті, тактиканы және улауды ұйымдастыру жолдарын өзгертуге тура келеді. Бұл мәселе тәулік бойы назарда, жақын арада нәтиже болады.