17.06.2021 _ 12:35

Екібастұздағы зауыттың проблемалары шешілді

Қысқарту болмайды. Екібастұздағы бұрмалар шығаратын зауыттың тоқтап тұрғанына біраз болды. Кәсіпорын басшылығы қызметкерлерді қысқарту мәселесін қарастыруда. Қандай шаралар қабылданады? Зауыт қайта бейімделе ме? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімінен осы жайлы сұрады.

«Заманауи, барлық стандарттарға сай келетін маңызды зауыт. Өнімдер ел ішінде де, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие. Кеше ғана 5 жылға офтейк-келісімшартқа қол қойылды. «Қазақстан темір жолы» бұл кәсіпорынға тапсырыс берді. Өнім ішкі нарыққа жеткізіледі деп айта аламыз. Мәселелер шешілді», - деп жауап берді Әбілқайыр Сқақов.