18.06.2021 _ 09:50

Жыл басынан бері Атырау облысының негізгі капиталына 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды

2021 жылдың 5 айында облыстан мемлекеттік бюджетке 559 млрд теңге, оның ішінде, республикалық бюджетке 384 млрд теңге салық аударылған. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Жыл басынан бері Атырау облысының негізгі капиталына 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды фото с сайта freepik.com

«Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 трлн 15 млрд теңгені құрады, жалпы 2021 жылға болжам 3,8 трлн теңге болады деп күтілуде. 5 айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,2 трлн теңгені құрады. Облыстың республиканың өнеркәсібіндегі үлес салмағы – 22,7%. 

Сондай-ақ, жетекші мұнай-газ саласында 19,5 млн тонна мұнай және 10,2 млрд текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді. Биыл Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 837 млрд теңге болатын 5 жобаны жүзеге асырып, 560 жұмыс орнын ашу көзделген», - деді М.Досмұхамбетов.