18.06.2021 _ 12:30

Импортты алмастырудан экспортқа. Ақмола облысында Макинск құс фабрикасы толық жүктемемен жұмыс істейді деп күтілуде

Ақмола облысында ет және сүт шаруашылығы белсенді дамуда. Ағымдағы жылы 6 мың бас асыл тұқымды және таза тұқымды ірі қара малдан тұратын ет фермаларын, сондай-ақ жалпы саны 4 мыңнан асатын 19 сүт-тауар фермасын құру бойынша 112 жоба қолға алынды. Жоспарларды іске асыру Азық-түлік нарығын сапасы мен бағасы бойынша әбден бәсекелі өз өндірісінің әлеуметтік маңызы бар өнімдерімен толтыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Ермек Маржықпаев мәлім етті.


Айта кетейік, облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері елорда тұрғындарын да қамтамасыз етеді. Жыл басынан бері 49 мың тонна сүт өнімдері, 13 мың тонна ет өнімдері, 110 млн дана тағамдық жұмыртқа жеткізілді.


Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін дамыту аясында биыл 42 млрд теңгеге 50 жобаны іске асыру көзделген,«AQMOL» фирмалық дүкендер желісін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде, онда ақмолалық тауар өндірушілердің өнімдері нарықтағыдан 15-20% - ға төмен.


«Импортты алмастырудың маңызды мүмкіндіктері өндірістің тұйықталған циклі – инкубатордан зауытқа дейінгі Макинск құс фабрикасы құрылысының ауқымды жобасы толық жүктемеге көшкен кезде пайда болады. Құс фабрикасының үшінші кезегін 2023 жылы іске қосу арқылы 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орынын құра отырып, мақсатты қуаттылығы жылына 100 мың тонна тауық етіне жетеді және өңірдің экспорттық әлеуетін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. Осы және енгізілетін басқа да өндірістер дағдарыстан кейінгі кезеңде жаңа «өсу нүктелеріне» айналады, ал қатардағы ақмолалықтар үшін бұл жұмыс орындары», – деп сендірді спикер.