19.06.2021 _ 14:50

Түркістан облысының әкімі: өңір медицина туризмі орталығына айналады

Түркістан қаласындағы медициналық нысандардың жағдайы өте төмен деңгейде екендігі белгілі. Негізгі нысандар Шымкент қаласында қалды. Осыған байланысты медицина саласына баса назар аударылып, бірқатар жобалар қолға алынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингтінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

«Қазіргі кезде жеке меншік әріптестік тәсілімен 570 орындық медициналық орталық салынып жатыр. Бұл әлемдік деңгейдегі госпиталь болады деп ойлаймын. Онда цифрлық технологиялар, заманауи қондырғылар болады. Нысан келесі жылдың ортасында тапсырылады. Сонымен қатар, 200 орындық инфекциялық аурухана іске қосылады. Араб инвесторларының қаржысына Ана мен бала орталығының құрылысы басталды. Түрік әріптестерімізбен Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы емхана жаңартып, оны әлемдік деңгейге жеткізу туралы келісімге келдік. Олар мекеменің қондырғыларын жаңартып, кадрлармен көмектеседі. Медицина саласында үлкен серпіліс болады.», - деді облыс әкімі өз жауабында.  


Айта кетейік, Ө. Шөкеев медициналық нысандардың барлығы іске қосылғанда, Түркістан медициналық туризмнің де орталығына айналатынына сенімін білдірді.