19.06.2021 _ 15:10

Түркістан облысында тау-шаңғы курорты бола ма? Алдағы күндері жоба тағдыры шешіледі

Аймақ басшысының айтуынша, жаңартылған жоба үкіметтік деңгейде талқылануы тиіс. Мұндай базаны құру туралы идея алғаш рет 30 жыл бұрын пайда болды. Әлемдік компаниялар мен мамандар бұл жоба үшін Қасқабас тауының солтүстік беткейін арнайы дайындады. Онда қар ұзақ жатады, ал төбесінде жыл бойы болады. Әлемде мұндай беткейлер көп емес.
Иллюстративное фото с сайта inbusiness.kz

Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев жоба тарихына тоқталды. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған кезде 12 жыл бұрын ЖСҚ-ны жаңартып, әлемдік деңгейге жеткізгенін еске салды. 


«Біз Түркістан облысында әртүрлі туризмді дамытқымыз келеді. Зиярат ету - бұл тарихи, ешқашан тоқтамайды, сонымен қатар тау шаңғысын дамытуымыз керек - бұл сапалы туризм, әлемнің түкпір-түкпірінен өте бай адамдар келеді, археологиялық, этнотуризм - білім алуға келеді, сауда, үлкен медициналық кластер дами бастады. Бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек деп ойлаймын. Осы жобаға қызығушылық танытқан жеке инвестор бар. Керуен сарайды салғандай, өз қаражаты мен несие есебінен салғысы келеді. Ол курортқа жалпы инфрақұрылым, яғни жолдар, электр қуатын, кәріз және т.б. жеткізуімізді сұрайды. Сондықтан, меніңше, қазір нағыз шешім қабылдайтын сәт. Жақында премьер-министрдің басшылығымен кеңес өтеді, жобаның тағдыры сонда шешіледі», - деді әкім.