21.06.2021 _ 11:50

Жамбыл облысында 150 мың адам вакцина салдырды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталды. Қазіргі таңда экономиканы дамыту үшін санитарлық талаптарды сақтап, науқастар санын көбейтпеу бағытында жұмыстар атқарылып, оларды реабилитациядан өткізу жүргізілуде.

«Бүгінде өңірде 9493 науқас тіркелген. Қайтыс болғаны – 85, жазылғаны - 9055 адам. Медицина ұйымдарында 2580 төсек қоры жасақталған, оның 250-і ауыр науқастарға арналған. Егер індеттің үшінші кезеңі басталса, онда 4300 жуық төсек-орын дайын. Былтырдан бастап ауыр науқас болған азаматтарды оңалту үшін Оңалту орталығы ашылды. Онда 1400 науқас денсаулығын жақсартты», - деді Б.Сапарбаев. 


Өңірде КВИ қарсы жалпы 582 мың адамды егу жоспарланған. Қазіргі таңда 150 мың адам вакцина салдырды. Аймақ басшысы қыркүйек айына дейін жоспар толығымен орындалады деп сендірді.